2021 жылғы 23 маусымда департамент ғимаратында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа және мемлекетке қызмет етуді бәрінен жоғары қоятын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік қызметті жаңғырту "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі басымдықтарының біріне айналды, оны іске асырудың басты мақсаты ғасырдың ортасына қарай әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына кіру.
Мұрат Тілемісұлы Мұратбеков іс-шараны ашып, Департамент қызметкерлерін мерекемен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу құрметіне Департамент қызметкерлеріне:
Досмұхамбетова Балқия Мұқашқызы-№4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.
Әбдіқадырова Армангүл Асылбекқызы-дебат турниріне қатысқаны үшін №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.
Джунусова Анар Амангелдіқызы-халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы;
Төлепова Әлия Ерланқызы-штаттан тыс іс қағаздарын жүргізу инспекторы.
Сондай-ақ, 23 маусымда Жастар сарайында Мемлекеттік қызмет департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты іс - шара өтті, оның аясында мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі, ең маңызды және күрделі міндеттерді табысты орындағаны үшін Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков, сондай - ақ - №5 мамандандырылған МӘС бөлімінің бас маманы Әлібекова Күмісай Мыңжасарқызы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби деңгейі, жұмысқа жауапты қатынасы үшін марапатталды.