Парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Парасаттылық мәдениетін қалыптастыру

Мемлекеттік органдарда этикалық нормаларды сақтау көбінесе басшының беделіне байланысты.

Көшбасшының беделін оның ұжымға жеке әсерін түсіну керек, оны ол өзінің еңбегімен, кәсіби білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, адалдығымен, адамдармен жұмыс істей білуімен алады.

Басшының ұжымда парасаттылық және сындарлы жағдай жасау қабілеті мемлекеттік қызметшілердің халыққа және мемлекетке қызмет етуге бағытталған табысты өзара іс-қимылының негізі болып табылады.

Басшы өзінің бағыныштылары арасында этикалық мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізгені және жеке мінез-құлқымен парасаттылық, адалдық және риясыздықтың үлгісін көрсеткені маңызды.

Жоғары этикалық стандарттар ұжымдағы қатынастарды реттеуші ретінде әрекет етеді, бұл кедергі жасамауға және ұйымның ыдырауына әкеліп соқтырмай, оның мақсаттарына жету үшін ұйымның сәтті қызметіне ықпал етеді.

Бағыныштылармен өзара әрекеттесу кезінде көшбасшы келесі ережелерді сақтау керек:

* Қызметкерлерге қызығушылық таныту, оларға мұқият болу;

* Нұсқауларды дұрыс бере білу;

* Іске бастамашылық пен шығармашылық көзқарасты қолдау;

* Іскерлік этикет ережелерін сақтау;

* Ұжымда этикалық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.