1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсіптік ауру;
4) бала кезінен мүгедек;
5) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар;
6) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себептік-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде, әскери қызмет өткеру кезiнде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар нәтижесінде алған жаралану, контузия, мертiгу, ауру, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік мiндеттерiн) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертiгу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;
8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның iшiнде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезiндегi радиациялық әсер етудiң салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектер.
Мүгедектіктің себебі оның себептік-салдарлық байланысын анықтаған уәкілетті орган келтірген тұжырымдармен қатаң сәйкестікте шығарылады.
1) еңбек жарақаты;
2) кәсіптік ауру.