Қайтымсыз анатомиялық ақаулардың тізбесі

Қайтымсыз анатомиялық ақаулардың тізбесі

 Жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктердің тізбесі

  1. Мүгедектіктің бірінші тобы және (немесе) КЕА дәрежесі 90-нан 100 %-ды қоса алғанға дейін және (немесе) ЖЕА дәрежесі 80-нен 100 %-ды қоса алғанда:

      1) екі қол буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі;

      2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы;

      3) екі көздің де толық көрмеуі (жарықты сезінбеуі), екіжақты анофтальм, туа біткен рудиментарлық көз алмалары;

      4) көрсетілген жағдайлар бойынша он алтыға дейінгі жаста мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайларда, ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі;

      5) қолды (иық буынынан) және аяқты (жамбас-сан буынынан) кесіп тастаудың ұштасуы;

      6) көрсетілген нозологиялар бойынша он алтыға дейінгі жаста мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайларда, тұрақты сал болулармен, едәуір немесе өте айқын білінетін аяқ-қол парездерімен (тетраплегия, тетрапарез, триплегия, трипарез, төменгі параплегия), тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін таралған гиперкинездермен жүріп-тұру бұзылушылықтары;

  1. Мүгедектіктің екінші тобы және (немесе) КЕА дәрежесі 60-тан 89 %-ды қоса алғанға дейін және (немесе) ЖЕА дәрежесі 60-тан 79 %-ды қоса алғанға дейін белгіленетін анатомиялық кемістіктер:

      1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері:

      біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қол буынының болмауы;

      біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қол буынының болмауы;

      екі қол буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы;

      екі қолдың тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы;

     Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 ж. № 44 бұйрығымен бекiтілген медициналық әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларында толығырак танысуға болады.