Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі

Мүгедектік мерзімін өткізіп алған кезең үшін мерзімді есепке алу:

1) қайта куәландырудың алдыңғы белгіленген күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған жағдайда бір айға дейін;

2) дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған жағдайда үш жылға дейін. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015ж №44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында толығырақ танысуға болады.