Арқалық өңірлік емханасының, Жангелдин ОАА, Амангелді ОАА дәрігерлерімен ZOOM конференциясы

Арқалық өңірлік емханасының, Жангелдин ОАА, Амангелді ОАА дәрігерлерімен ZOOM конференциясы

06.05.2021 жылы Департаменттің №5 МӘС мамандандырылған бөлімінің қызметкерлері Арқалық өңірлік емханасының, Жангелдин ОАА, Амангелді АОА дәрігерлерімен және мүшелерімен конференция өткізді. Конференцияда бұйрықтардың негізгі ережелері түсіндірілді:

1) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 жылғы №60 бұйрығы.

2) "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 03.03.2021 жылғы №61 бұйрығы.

3) "Мүгедектікті және немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" проактивті мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы" бұйрықтың жобасы.  

Проактивті сырттай куәландыру кезінде медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі, МОДҚ актілерін қалыптастыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі туралы мәселелер талқыланды.

Жолдау құжаттарын ресімдеудегі өзекті мәселелер талқыланды.