Медициналық-әлеуметтік мекемелермен кездесу 30.04.2021

Медициналық-әлеуметтік мекемелермен кездесу 30.04.2021

Бүгін Департаменттің № 4 МӘС бөлімінің қызметкерлері "Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыКММ қызметкерлерімен директордың орынбасарының, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың, медицина қызметкерлерінің қатысуымен "Мүгедек балаларды медициналық - әлеуметтік сараптамаға жіберу құжаттарын ресімдеудің өзекті мәселелері" тақырыбында онлайн-конференция өткізді.

МӘС-ке жолдау құжаттарын ресімдеу кезіндегі өзекті мәселелер, медициналық-әлеуметтік мекеменің мамандары "Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы" бұйрықтың жобасымен таныстырылды.

Сырттай куәландыру мүмкіндіктері талқыланды, оңалту құралдарының медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерінің тізбесі егжей-тегжейлі қаралды, жүріп-тұру құралдарына, ауыр балаларға арналған қосалқы құралдарға назар аударылды. Қорғаншылық пен қамқоршылықтың өзекті мәселелері қаралды.