Ақпараттық-түсіндіру жұмысы 29.04.2021

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы  29.04.2021

2021 жылы 29 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Ж. Кайрлиева Қостанай қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» атты тақырыпта оқыту  семинар-кеңесін өткізді.

Құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.