Департамент қызметкерлеріне семинар 29.04.2021

Департамент қызметкерлеріне семинар 29.04.2021

2021 жылғы 29 сәуірде, әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова мемлекеттік мереке - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Департамент қызметкерлері үшін Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Р. Ж. Мурзагалиев пен Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми – сараптама тобының мүшесі В. Г. Вишниченконың қатысуымен "Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі" тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Этносаралық келісім моделінің V қағидаттары

  1. Этникалық, конфессиялық, мәдени және тілдік әралуандық.
  2. Қазақстан этностарының мәдениеті мен тілдерін дамыту үшін барлық жағдай жасау.

III. Төзімділік және жауапкершілік.

  1. Қазақ халқының шоғырландырушы рөлі.
  2. Қазақстан халқының бірлігі.

Бірінші. Қазақстандық модель бастапқыда этностардың қоғамдық ұйымдарының, этномәдени бірлестіктер мен мемлекет атынан азаматтық қоғам институттарының сындарлы шығармашылық өзара іс-қимылының негізінде "төменнен" құрылды.

Екінші. Барлық этникалық топтар өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебеге ие. Олардың өкілдері ұлттық азшылықтар ретінде емес, Қазақстан халқының біртұтас азаматтары ретінде қарастырылады.

Үшінші. Қазақстандық этностардың өкілдігі және олардың мүдделерін саяси іске асыру ең жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Конституцияның кепілі болып табылады және осымен Ассамблеяның жоғары мәртебесі айқындалды. Оның жоғары органының – жыл сайынғы сессиясының шешімдерін барлық мемлекеттік органдар орындайды.

Төртінші. Этностық топтардың мүдделері Ассамблеяның парламенттік кепілді өкілдігі арқылы қамтамасыз етіледі, оның нәтижесінде Ассамблеядан сайланатын Мәжілістің 9 депутаты еліміздің барлық этностары мүдделерінің жиынтығы ретінде оның мүдделерін білдіреді.

Бесінші. Қазақстандық модельде "Бірлік - әралуандық арқылы" біріктіруші принципі қаланған. Этникалық тілдер мен мәдениеттерді қолдау жөніндегі мемлекеттің мақсатты саясаты мәдени әртүрлілікті сақтауға және көбейтуге ықпал етеді.

Алтыншы. Қазақстандағы этносаралық қатынастар қағидатты түрде деполитизацияланды.

Этносаралық келісім, қоғамдағы толеранттылық пен бірлік ұлттық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға көмектеседі

Бүгінде әрбір қазақстандық, оның қай ұлтқа жататынына қарамастан, өзін біртұтас үлкен отбасының бір бөлшегі ретінде сезінеді. Бірлік пен келісім-бұл біздің халқымыз ең ауыр сынақ жылдарында да сақтаған құндылықтар. "Әралуандықтағы бірлік" - біздің саясатымыздың мәні осы. Біз өзіміздің еңбексүйгіштігімізбен және табандылығымызбен бірге ғана қуатты әрі гүлденген мемлекет құра аламыз,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шараның соңында Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков барлық қатысушыларды келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, бақыт, амандық және жаңа табыстар тіледі.