Ұзынкөл ауданында қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша кеңес

Ұзынкөл ауданында қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша кеңес

Ұзынкөл ауданының әкімі М.М. Сандыбаевтың қатысуымен Департамент басшысы М. Т. Мұратбеков қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша кеңеске қатысты. Аталған кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірдің ведомствоаралық тобы қатысты.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Б. Мұхамедяровтың есебі тыңдалды.

Департамент басшысы атап өткендей: "Басты міндет-Ұзынкөл ауданында жоспарланған барлық нысандар ағымдағы жылы мүгедек адамдардың барлық санаттарына қолжетімді болуы".

Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қолжетімді орта құру мәселесі бойынша ведомствоаралық топқа тапсырмалар мен одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсынымдар берді.

Өз кезегінде, Ұзынкөл ауданының әкімі М. М. Сандыбаев аталған ескертулердің барлығы алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.