
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламаларын (ОЖБ) әзірлейді. Протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету үшін ОЖБ әзірлеу кезінде МӘС мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.01.2015 жылғы №26 бұйрығымен (03.03.2021 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) бекітілген "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығын басшылыққа алады.
Осы бұйрықта протездік-ортопедиялық көмек пен техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды ұсынуға медициналық айғақтар мен қарсы айғақтар келтірілген.
Кеуде безінің протездері: Мастэктомиядан кейін кеуде безінің болмауы. Өнімнің құрамына кіретін компоненттерге жеке төзбеушілік.
Операциялық тыртық аймағындағы тері аурулары
Аппараттар, туторлар: Аурулар, жарақат салдары, даму аномалиялары салдарынан жоғарғы немесе төменгі аяқтың статодинамикалық функцияларының айқын немесе айтарлықтай айқын бұзылулары кезінде буындарды бекіту қажеттілігі. Төменгі қолдарға осьтік жүктеме мүмкін болмаған кезде буындардың айқын сүйек-буын контрактуралары. Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар
Бір текті таяқтар: Аурулардың, жарақаттану салдарының, аяқ, жамбас және омыртқа, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалияларының, сондай-ақ қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары ауруларының, несеп-жыныс жүйесі ауруларының және зат алмасу бұзылыстарының салдарынан статодинамикалық функциялардың орташа бұзылуы. Екі қолының статодинамикалық функцияларының едәуір айқын бұзылуы, екі қолының ампутациялық тұқылдары.
Зақымдалған аяқтың тірек функциясының бұзылуы.
Тұру және жүру кезінде тепе-теңдіктің бұзылуы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар.
Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы.
Көптіректі таяқтар: Аурулардың, жарақаттану салдарының, аяқ, жамбас және омыртқа, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалияларының, сондай-ақ қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары ауруларының, несеп-жыныс жүйесі ауруларының және зат алмасу бұзылыстарының салдарынан статодинамикалық функциялардың орташа бұзылуы. Екі қолының статодинамикалық функцияларының едәуір айқын бұзылуы, екі қолының ампутациялық тұқылдары.
Зақымдалған аяқтың тірек функциясының бұзылуы.
Тұру және жүру кезінде тепе-теңдіктің бұзылуы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар.
Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы.
Бір тіректі шынтақ балдақтары: Аурулардың, жарақаттану салдарының, аяқ, жамбас және омыртқа, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалияларының, сондай-ақ қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары ауруларының, несеп-жыныс жүйесі ауруларының және зат алмасу бұзылыстарының салдарынан статодинамикалық функциялардың орташа бұзылуы Екі қолдың ампутациясы.
Екі қолдың күшінің абсолютті бұзылуына әкелетін аурулар мен жарақаттар. Тұру және жүру кезінде тепе-теңдіктің бұзылуы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар.
Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы.
Көптіректі шынтақ балдақтары: Аурулардың, жарақаттану салдарының, аяқ, жамбас және омыртқа, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалияларының, сондай-ақ қан айналымы жүйесі, тыныс алу органдары ауруларының, несеп-жыныс жүйесі ауруларының және зат алмасу бұзылыстарының салдарынан статодинамикалық функциялардың орташа бұзылуы.
Қолтық балдақтары: Аяқ-қолдардың, жамбас пен омыртқаның, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің аурулары, жарақат салдары, даму аномалиялары салдарынан статодинамикалық функциялардың айқын бұзылуы зардап шеккен аяқтың тірек функциясының бұзылуымен үйлеседі. Мүмкін болса, екі жақтың қолдауымен тұрып, жағдайды сақтау. Екі қолдың ампутациясы. Екі қолдың қабілетінің бұзылуына әкелетін аурулар мен жарақаттар. Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар. Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы. Тепе-теңдіктің айқын бұзылуы.
Дөңгелектері жоқ жетек арбалар, жүретін жетек арбалар, екі деңгейлі жетек арбалар: Жаяу жүру қабілетінің айқын бұзылуы (аурулар, жарақаттар салдары, аяқ-қолдардың, жамбас және омыртқаның, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалиялары салдарынан статодинамикалық функциялардың бұзылуы) аяқ-қолдардың тірек функциясының бұзылуымен үйлеседі. Екі жақтың қолдауымен тұрақты жағдайды сақтау мүмкіндігі. Екі қолдың қабілетінің бұзылуына әкелетін аурулар мен жарақаттар. Заттарды көтеру және тасымалдау қабілетінің бұзылуы.
Қолтық тіректері бар жетек арбалар: Жаяу жүру қабілетінің айқын бұзылуы (аурулар, жарақаттар салдары, аяқ-қолдардың, жамбас және омыртқаның, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалиялары салдарынан статодинамикалық функциялардың бұзылуы) аяқ-қолдардың тірек функциясының бұзылуымен үйлеседі. Екі жақтың қолдауымен тұрақты жағдайды сақтау мүмкіндігі. Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы.
Дөңгелектері бар жетек арбалар: Жаяу жүру қабілетінің айқын бұзылуы (аурулар, жарақаттар салдары, аяқ-қолдардың, жамбас және омыртқаның, орталық, перифериялық жүйке жүйесінің даму аномалиялары салдарынан статодинамикалық функциялардың бұзылуы) аяқ-қолдардың тірек функциясының бұзылуымен үйлеседі. Екі жақтың қолдауымен тұрақты жағдайды сақтау мүмкіндігі. Екі қолдың қабілетінің бұзылуына әкелетін аурулар мен жарақаттар. Қарапайым ерікті қозғалыстарды бақылаудың бұзылуы (тұру және жүру кезіндегі тепе-теңдіктің бұзылуы). Заттарды көтеру және тасымалдау қабілетінің бұзылуы.
Білекке сүйене отыратын жетек арбалар: Төменгі аяқтардың тірек функциясының бұзылуымен бірге жүру қабілетінің айқын бұзылуы.
Екі жақтың қолдауымен тұрақты жағдайды сақтау мүмкіндігі.
Екі қолдың қол функциясының орташа немесе айқын шектеулері. Тік күйге ауысқан кезде күшейетін жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу жүйесі функциясының айтарлықтай бұзылуы.
Корсеттер, реклинаторлар, бас ұстағыштар: Аурулар, жарақаттар салдары, даму аномалиялары салдарынан омыртқаның статодинамикалық функцияларының бұзылуы Өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетін шектеумен айқын көрінген психикалық бұзылулар.
Таңғыштар, емдік белдіктер: Аурулар, жарақаттар салдары, тірек-қимыл аппаратының дамуындағы ауытқулар, аяқ-қол тамырларының аурулары, әртүрлі локализацияның грыжалары, іш қуысы мүшелерінің пролапсы салдарынан ағзаның статодинамикалық функцияларының бұзылуы. Бұзылған грыжалар, түзетілмейтін грыжалар. Өнім жасалған материалға жеке төзбеушілік.
Жейде киюге арналған құрылғы түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек): Ұсақ моториктердің бұзылуы, бір қолымен (ампутация, бір қолдың айқын білінетін парезі немесе плегиясы) манипуляция жасауға мәжбүр болу, қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактурасы, жалған буындар) Екі қолдың жоғары параплегиясы, жоғары ампутациялық туқылы, вестибулярлы-мишықтық айқын бұзылуы және гиперкинетикалық бұзылу. Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Колготки киюге арналған құрылғы шұлық киюге арналған құрылғы: Екі колдың айқын білінетін тетрапарезі, трипарезі, төменгі параплегия, айқын гемипарезі; айқын парезі; бір қолдың айқын білінетін парезі; айқын білінетін амиостатикалық бұзушылықтар; протездерді пайдаланған кезде қолдардың ампутациялық тұқылдары, қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактуралары, жалған буындар).Еңкиюге және аяқ басына қолын жеткізуге мүмкіндігінің болмауы. Екі қолдың жоғары параплегиясы, жоғары ампутациялық туқылы, вестибулярлы-мишықтық айқын бұзылуы және гиперкинетикалық бұзылу. Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Белсенді ұстағыш: Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан аяқтардың статодинамикалық функцияларының айқын, едәуір айқын бузылуы (кресло-арбаларды пайдалануға әкелетін) Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық тұқылы. Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш: Бір қолдың ампутациясы, бір қолдың парезі немесе плегиясы. Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық тұқылы. Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш: Аурулардың жарақаттардың, даму аномалиясы салдарынан статодинамикалық функцияларының орташа айқын, айқын, едәуір айқын бұзылуы (айқын, едәуір айқын білінетін трипарез; едәуір айқын білінетін гемипарез; екі қолдың айқын немесе орташа айқын парезі; бір қолдың орташа айқын білінетін парезінің екінші қолдың болмашы парезімен жанама болуы), қолдардың деформациясы (анкилоздар, буындардың контрактуралары, жалған буындар). Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық тұқылы.
Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Кілтке арналған ұстағыш: Қол ұшы контрактурасы Екі қолдың жоғары параплегиясы, едәуір айқын білінетін жоғары парапарезі және ампутациялық тұқылы. Өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген айқын психикалық бұзушылық.
Протездік-ортопедиялық көмекті және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды қамтамасыз етуге ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу (түзету) үшін мынадай құжаттар қажет: 1) протездік-ортопедиялық көмектің және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың түрлеріне ұсыныммен медициналық-әлеуметтік сараптамаға (031/у нысаны) жіберу (мүгедектің бекітілген жері бойынша медициналық ұйым толтырады); 2) салыстырып тексеру үшін куәландырылатын адамның жеке куәлігі.