
Мүгедектер шино-былғары, құрамдастырылған протездермен, қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған протездермен, оларға бейімдемелермен, тістерге арналған тыстармен, ортопедиялық аппараттармен, салма башмачкалармен, таяқтармен (бір тіреуішті, көп тіреуішті), балдақтармен (шынтақ, қолтық асты), жүргіштермен (дөңгелегі жоқ, дөңгелегі бар, жүретін, екі деңгейлі, білекке тіреуіші бар, қолтық тіреуіші бар, балалар церебральды сал ауруы бар мүгедек балалар үшін және т.б.) қамтамасыз етіледі.
Қолдың және аяқтың негізгі протезі берілгенге дейін көрсетілетін қызметті алушылар медициналық көрсетілімдері бойынша кию мерзімі 6 айдан аспайтын оқу-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі.
Мүгедектер құрылғысы бар жұмыс протездерімен өздерінің қалауы бойынша бұйымның негізгі түрімен бір мезгілде қамтамасыз етіледі.
Шино-былғары, құрастырмалы протездер, ортопедиялық аппараттар олар жарамсыздыққа ұшырағаннан кейін, бірақ алынған күнінен бастап кемінде бір жылдан кейін ауыстырылады.
Қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған аяқ және қол протездерінің құрамындағы құрастырушы түйіндер мен бұйымдарды ауыстыру, олар алынған күннен бастап кемінде 3 жылдан, мүгедек балалар үшін – кемінде 2 жылдан кейін;
құрастырушы түйіндер мен электрондық тізе модулі бар бұйымдарды алмастыру, олар алынған күннен бастап кемінде 5 жылдан кейін жүргізіледі;
синтетикалық шайырлар негізінде дайындалған косметикалық қаптау, табандар, қабылдау гильзасы, тыстарды алынған күннен бастап кемінде 1 жылдан кейін ауыстырылады;
кеуде безі протездерін, жетек арбаларды алынған күннен бастап кемінде 2 жылдан кейін, таяқшалар мен балдақтарды кемінде бір жылдан кейін жүргізіледі.
Аяқ немесе қолдың екі протезін (негізгі және қосалқы немесе негізгі және жұмыс протезі) бір мезгілде алған көрсетілетін қызметті алушылар оларды ауыстыру кемінде екі кию мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
Аяқ протездерін беру кезінде әрбір протезге жыл сайын 3 тыстан беріледі.
Кеуде қуысының протездері екі іш киіммен (бюстгалтер) беріледі.
Егер кию мерзімі өткеннен кейін протез жарамды жай-күйде болса және көрсетілетін қызметті алушылар келесі кию мерзімі өткенге дейін жаңа протезге тапсырыс бергісі келмесе, оған осы кезеңге бір протезді пайдалану есебінен белгіленген санда тыстар беріледі.
Протездерді, оның ішінде жаңа модельдерін мерзімінен бұрын ауыстыру, сондай-ақ оларды кию мерзімін ұзарту, жөндеу туралы, шино-былғары протездерден құрастырмалы протездерге, жаңа (заманауи) технологиялар бойынша дайындалған электрондық модульдері бар протездерге өту туралы шешімді комиссия қабылдайды және өнім беруші жасайтын тиісті актінің негізінде жүргізіледі. Комиссия өнім берушінің кінәсінен бұйымның сапасыз жасалу фактісін анықтаған кезде, ақауды жөндеу соның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар ОЖБ іс-шараларын іске асыру мерзіміне берілген өтінішке сәйкес ұсынылады.
Протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарын қамтамасыз ету үшін оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу кезінде,медициналық –әлеуметтік сараптама мамандары «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығын басшылыққа алады (2021 жылғы 3 наурыздағы өзгерістер мен толықтырулар ).