Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кеңестің отырысына қатысуы

Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кеңестің отырысына қатысуы

Осы отырыста Департамент басшысы "Қостанай арнаулы қызмет көрсету балалар орталығы" КММ-де жүргізілген мониторинг нәтижелерін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, аталған мониторинг өткен жылдың қараша айында ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың (білім беру, денсаулық сақтау, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті) мамандарынан тұратын қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құралған топпен жүргізілген болатын.

Аталған Орталықта тексеру кезінде стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер 137 мүгедек балаға көрсетілді. Мәселен, тексеру барысында киім беру көлемі бойынша бұзушылықтар анықталды, балалардың құқықтық мәртебесі анықталмады. Мониторинг кезеңінде №1 корпустың кедергісіз кіруі үшін мүгедек балаларға жағдайларды қамтамасыз етпеу бөлігінде ескертулер белгіленді.

Үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Е. Мекебаева аталған Орталықта ескертулердің жойылғаны туралы есеп берді.

Отырыс қорытындысы бойынша М.Т. Мұратбеков облыстың басқа медициналық-әлеуметтік мекемелерінде осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы ұсыныстар берді.

Департаменттің жоспарында жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде осыған ұқсас мониторинг жүргізу бар.