Қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша онлайн-кеңес

Қолжетімді кедергісіз орта құру мәселесі бойынша онлайн-кеңес

Мүгедектігі бар адамдарға объектілерді бейімдеу бойынша жыл сайынғы мониторинг шеңберінде Департамент өңірлерде қолжетімді орта құру мәселесі бойынша ведомствоаралық топтармен онлайн кеңес өткізді. Кеңеске әкімдердің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, "Nur Otan" партиясы филиалдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты.

Департаментпен жыл сайын жүргізетін мониторинг көңіл көншітпейтін деректерді көрсетеді. Көп жағдайда мониторинг жүргізу кезінде Департамент жергілікті атқарушы органдарға бейімделген объектілер бойынша көптеген бұзушылықтарды анықтайды.

Кеңес қорытындысы бойынша департамент басшысы М.Т. Мұратбеков ведомствоаралық топтарға тапсырмалар және қолжетімді орта құру мәселесі бойынша одан әрі жұмыс істеу бойынша ұсынымдар берді.