Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Мемлекеттік қызмет департаменті ұйымдастырған "Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беру және қызмет көрсету бөлігінде шектеулерді сақтау" тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Мемлекеттік қызмет департаменті ұйымдастырған "Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беру және қызмет көрсету бөлігінде шектеулерді сақтау" тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Қысқаша: "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарға мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар түзетулер енгізілді. Бұған дейін Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын.

Бұған дейін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар алуға тыйым салынған болатын. Сонымен қатар, Азаматтық кодексте құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған, бұл азаматтарды адастыруы мүмкін. Қазір заңмен мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын өзге де адамдарға рұқсат етілген сыйлықтың құны алынып тасталды. Мемлекеттік қызметшіге және оның отбасы мүшелеріне келіп түскен барлық сыйлықтар, тіпті олар білмей келіп түскен сыйлықтарды қоса алғанда, жеті күнтізбелік күн ішінде Меммүлікті басқарушы органға берілуге тиіс. Осы сыйлықтарды белгіленген тәртіппен сатып алу мүмкіндігі сақталады.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызметшілерге туған күніне орай шоколад, гүл шоғы және т.б. сыйлықтар беру сәттері талқыланды, олар әлеуметтік желілерде "сүйікті әріптестерінен" және т. б. деп белсенді бөліседі, бұл да заңды бұзуға қатысты және осындай "ұсақ-түйек" үшін мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымға орналасу құқығынсыз қызметінен айрылуы мүмкін!!!