
2026 жылғы 9 қыркүйекте Департамент басшысының орынбасары М.О. Сарсенова мемлекеттік қызметшілермен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері қаралды.
Ресми құжаттарды дайындау және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде тіл заңнамасын сақтауға, сондай-ақ азаматтардың заңнамада көзделген тілде жауап алу құқығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметкерлерге өздерінің кәсіби қызметінде тіл туралы заңнаманың талаптарын мүлтіксіз сақтау ұсынылды.