
23 тамыз - Құрылтай сайлауы өтеді, бұл күні әрқайсымыз өз еліміздің және өз өңіріміздің болашағына әсер ете аламыз.
Әрдауыстың естілуімаңызды — денсаулық жағдайына, жасына немесе өмірлік жағдайларына қарамастан.
Маңызды мәселелердің бірі — мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету.
Қостанай облысында 25749 мүгедек адам тұрады. Олардың әрқайсысы өзінің сайлау құқығын — өз бетінше, еркін және қажетсіз кедергілерсіз жүзеге асырудың нақты мүмкіндігіне ие болуы керек.
Біздің облыста барлығы 716 сайлау учаскесі, оның ішінде азаматтардың уақытша болу орындарында 17 сайлау учаскесі ұйымдастырылды.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, барлық учаскелерде мүгедектігі бар адамдарды жарақтандыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.
Сонымен қатар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне қосымша мониторинг жүргізеді.
Кресло-арбаны пайдаланатын адам сайлау учаскесіне кедергісіз кіріп, үй-жай ішінде еркін қозғала алуы тиіс. Көру және есту қабілеті нашар адамдар үшін қажетті ақпарат болуы керек. Адамға сайлау құқығын өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көмекке шақыру түймелерінің, тактильді көрсеткіштердің және басқа шарттардың болуы маңызды.
Азаматтың дербестігіне ерекше назар аударылады - учаскеге келу, қажетті ақпаратты алу және қажетсіз кедергілерсіз дауыс беру мүмкіндігі.
Әрбір учаскеде мүгедектігі бар адамдарға бейімделген форматта (құлаққаптар, Брайль шрифтімен орындалған ақпараты бар арнайы қалта және т.б.) сайлау туралы материалдары бар компьютер бар арнайы жабдықталған орын (бұрыш) бар.
Облыста мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін ымдау тілімамандары жұмыс істейді, жекелеген өңірлерде «Инватакси» қызметі жұмыс істейтін болады, әр учаскеде урналарды үйге жеткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылады.
Шетте қалмаңыз. Сайлауға қатысыңыз, Конституциялық құқығыңызды пайдаланыңыз және азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз. Мүгедектік сайлауға қатысуға кедергі болмауы керек.