ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Бақтияр Жазықпаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Бақтияр Жазықпаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді

2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Сапар аясында халықпен және аймақ жұртшылығының өкілдерімен кездесулер, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Сонымен қатар, вице-министр облыстың бірқатар әлеуметтік маңызды мекемелерінде болды.

Кездесулер барысында әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, Халықты әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру талқыланды, сондай-ақ өңір тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары қаралды.