
«Қостанай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ-де мүгедектігі бар баланың өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаға байланысты Департамент тіркеліп, жоспардан тыс тексеру басталды.
Тексеру шеңберінде Департамент басшысы А.Е. Мекебаева және басшының орынбасары М.О. Сарсенова осы мекемеге барып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырумен, балалардың болу жағдайларымен танысты.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізеді.
Қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелеріне, көрсетілетін көмектің сапасына, белгіленген санитарлық-тұрмыстық жағдайлардың сақталуына және персоналдың жұмысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.
Тексеру нәтижелері бойынша заңнама талаптарының сақталуына баға беріледі және қажет болған жағдайда Департамент құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылданады.