Департамент 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АОЖБ орындалуына профилактикалық бақылау жүргізді

Департамент 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында  АОЖБ орындалуына профилактикалық бақылау жүргізді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті бекіткен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау  бөлімімен  Қостанай облысының қалалары мен аудандарының 16 жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатысты профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бағалау мақсатында, оның ішінде абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларында (АОЖБ) көзделген іс-шараларды уақтылы және толық орындау мәселелері бойынша жүзеге асырылды.

Профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша заңнама талаптарының жекелеген бұзушылықтары анықталды, бақылау субъектілеріне оларды жою және одан әрі қызметке жол бермеу жөнінде ұсынымдар шығарылды.

 Негізгі бұзушылықтар АОЖБ іс-шараларының уақтылы орындалмауымен, құжаттаманы жүргізудегі кемшіліктермен және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырумен байланысты болды.

Профилактикалық бақылау жүргізу заңнаманы бұзудың алдын алуға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға және мүгедек адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

 Департамент бұзушылықтардың алдын алу және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.