
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттері мүгедектікті белгілеудің заңдылығына үздіксіз мониторингт іжүзеге асырады. Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды қолдауға қомақты қаражат бөледі және біздің міндетіміз – бұл қаражаттың заңнамаға сәйкес оларшыны мен лайықты азаматтарға жетуін қамтамасыз ету.
Өкінішкеорай, жақында медициналық-әлеуметтік сараптамаға түсетін медициналық құжаттарды талдау барысында республиканың жекелеген өңірлерінде елеулі бұзушылықтар анықталды. Бірдей медициналық жазбаларды қолдану фактілері анықталды. Бұл дегеніміз, әртүрлі пациенттерде іс жүзінде «көшірмеге» құжаттар рәсімделді: талдау нәтижелері, анамнез деректері және бейінді мамандардың қорытындылары толығымен сәйкес келді, тек күндермен дербес деректер өзгерді.
Аталған фактілер мүгедектікті заңсыз белгілеу мақсатында медициналық құжаттаманы бұрмалаудың тікелей белгілері болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бойынша барлығы 167 осындай жағдай анықталды.
Жиналған барлық материалдар құқық қорғау органдарына, соның ішінде прокуратура мен экономикалық тергеу департаменттеріне шешім қабылдау үшін берілді.
Егер біздің аймақ туралы нақты айтатын болсақ, Қостанай облысында қазіргі уақытта мұндай фактілер анықталған жоқ.
Бұл ретте тексеру жалғасуда және Министрліктің қатаң бақылауында. Мемлекет алдау және әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу әрекеттерін қатаң түрде тоқтатуды жалғастырады.