Департамент қызметкерлеріне онлайн мастер-класс

Департамент қызметкерлеріне онлайн мастер-класс

2020 жылғы 12 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Департамент қызметкерлері үшін «Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ Департаменттің аккаунтын ілгерілету мәселелері» тақырыбында онлайн мастер-класс ұйымдастырды. Қызметкерлерге«Жас Атамекен жас кәсіпкерлер клубы» жеке қорының басшысы, блогер - Кокжанова Зарина Гусманқызымастер-класс өткізді.Зарина бізбен көпшілік алдында сөйлеген кезде, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларын алға жылжыту кезінде өзі қолданатын "фишкалармен" бөлісті. Өйткені, сіз не істесеңіз де, ең бастысы-бұл барлық жұмысты халыққа қалай ұсынатындығыңызды, сіз халықты тыңдап қана қоймай, дәл солай тыңдай алатындығыңызды бәріміз білеміз. Аталған практика алдағы уақытта да жалғасатын болады.