Мүгедектігін анықтау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің арнайы тетігін іске асыру туралы

Мүгедектігін анықтау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің арнайы тетігін іске асыру туралы

Мемлекет әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі, тұрақты негізде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін түрлі шаралар қабылдануда.

 Мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және куәландыру процесін оңайлату мақсатында мемлекет осы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту жөнінде белгілі бір шаралар қолданады.

 2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасында жекелеген нозологиялық нысандар бойынша сырттай проактивті форматта «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба басталды.

Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығымен регламенттелген.

 Мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі келіп түскен құжаттарды қарауды және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінің жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтан тыс сарапшы – МӘС бөлімінің басшысына сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен сараптамалық қорытынды шығаруды көздейді.

Ағымдағы сәтте ерекше механизм бойынша куәландыру кейбір туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз анатомиялық ақаулар, Даун ауруы және балалардағы мукополисахаридоз кезінде жүргізіледі.

Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап, яғни 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қостанай облысында 32 көрсетілетін қызметті алушы ерекше тетік бойынша сырттай проактивті форматта куәландырудан өтті.