«Арқалық өңірлік ауруханасы» МКҚК базасында «Мүгедектікті және\немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және\немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету

«Арқалық өңірлік ауруханасы» МКҚК базасында «Мүгедектікті және\немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және\немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету

Бекітілген жоспарға сәйкес № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік қызметтің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 28-30 сәуірде Арқалық қаласында көшпелі отырыс өткізді. «Арқалық өңірлік емханасы» МКК базасында «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетілген.

Сонымен қатар, емхана дәрігерлерімен кездесу өткізіліп, онда қаралды:

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 168, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 11 маусымдағы № 56 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 292/НҚ Бірлескен бұйрығы. Мүгедектікті белгілеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігі, мынадай нозологиялық нысандар бойынша №031/е нысанын қалыптастыру мәселелері талқыланды: туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз анатомиялық ақаулар, Даун синдромы (ауруы), балалардағы мукополисахаридоз.
  2. 2026 жылға негізсіз жіберілгендерді талдау.

Барлық қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.