
2026 жылғы 3 сәуірде медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің басшысы М.О. Сарсенова Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.С. Баязитовтың төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
М.О. Сарсенова Қостанай облысындағы мүгедектіктің жай-күйі туралы баяндама жасады. Кеңес барысында медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы және негізделген жолдама беру, сондай-ақ жолдамалық медициналық құжаттаманы ресімдеу сапасы мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жобаның негізгі аспектілері сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша қаралды.