
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғымемлекеттікжәрдемақытағайындалады.
Тағайындау шарттары:
- бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасылар он сегіз жасқа толғаннан кейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін;
-Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын көп балалы отбасы.
Тағайындау тәртібі:
- жәрдемақы өтініш (өтінім) берілген күннен бастап тағайындалады;
-құжаттарды (өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат; балалардың туу туралы куәлігі; күндізгі бөлім студенттері болған жағдайда – оқу орнынан анықтама; балаға қорғаншылық/қамқоршылық немесе асырап алу жағдайында – қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан асырап алу туралы мәліметтер; өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен-неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.
-егер отбасы толық болмаса және балалар ата-анасының бірімен бірге тұрса, қосымша сот шешімі ұсынылады (балалардың ата-анасының бірімен бірге тұруын растау үшін).
Өтініш беру тәсілдері:
- онлайн, мемлекеттік қызмет порталы немесе eGov мobile мобильді қосымшасы арқылы;
- SMS-хабарлама арқылы;
- өтінішті Мемлекеттік корпорацияның (ХҚКО) бөлімшесі арқылы өтінішпен және қажетті құжаттармен бірге беруге.
Көпбалалы отбасының жәрдемақысы алынған табысқа байланысты емес.
Көп балалы отбасыларды мемлекеттік қаржылық қолдау балалы отбасылардың әл-ауқаты мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.