Әлеуметтік қызметтер порталы

Әлеуметтік қызметтер порталы

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтер порталы толық көлемде жұмыс істейді.

Портал мүгедек адамдарға оңалтудың техникалық құралдарымен қызметтерін өндірушімен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе алып кету арқылы алуға болады.

Бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша әлеуметтік қызметтер порталында 573 өнім беруші тіркелген,оның ішінде 47 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетушілер,15 техникалық оңалту құралдарын жеткізушілер, 489 жеке көмекші, 18– ымдау тіл іжәне 4–санаторий-курорттық емдеу қызметтерін жеткізушілер.

Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған, тапсырыс берілген тауар сыныптауышқа сәйкес келмеген не басқа да бұзушылықтар анықталған жағдайларда мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталында Қостанай облысы бойынша әлеуметтік қызметтер порталының мәселелері жөніндегі Комиссия қарауды жүзеге асыратын тиісті шағымдар мен пікірлерді орналастыра алады. Өз кезегінде, жауап берудің уақтылығы мен толықтығына мониторингті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті орындайды.

 Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан алуға болады, оған 1414 бірыңғай нөмірі арқылы хабарласуға болады.