«Әлеуметтік адалдық алаңы» қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау

«Әлеуметтік адалдық алаңы»  қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдау

2026 жылғы 11 наурызда азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі Д.С. Оспанов әлеуметтік мәселелер бойынша, оныңішінде медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен және техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды өткізді.

Қабылдауға Департамент басшысы А.Е. Мекебаева және медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы М. О. Сәрсенова қатысты.

 Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берілді.