
Медициналық-әлеуметтіксараптама(МӘС)азаматтардыңмемлекеттікқолдауқұқығынқамтамасыз ете отырып, әлеуметтікқорғаужүйесініңмаңыздыбуыны болып табылады.Бұлденсаулық сақтау жүйесіменхалықтыәлеуметтікқорғаужүйесіарасындағыбайланыстықамтамасыз ететін мемлекеттікәлеуметтіксаясатты іске асырудыңнегізгітетігі.
МӘС негізгі рөлдері мен функциялары:
- мүгедектікті белгілеу – мүгедектігі бар адамды немесе мүгедектігі бар баланы тану, мүгедектік тобын, себебін және мерзімін айқындау;
- тіршілік әрекетінің шектеулерін бағалау – дене функцияларының тұрақты бұзылуларын (ауруларға, жарақаттарға байланысты), өзіне-өзі қызмет ету, қозғалу, еңбек қызметіне, бағдарлауға, қарым-қатынасқа, оқуға, мінез-құлқын бақылауға, қозғалыс белсенділігіне, ойын және танымдық белсенділікке талдау;
- мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (АОЖБ) қалыптастыру, оның негізінде мүгедектігі бар адамға оның функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіруге және қоғамдық өмірге тартуға бағытталған қолдау көрсетіледі (ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі оңалтудың, көмек пен күтімнің техникалық құралдарына мұқтаждықты айқындайды, ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі – білім алу түріндегі кәсіптік іс-шаралар, жұмысқа орналастыру);
- жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылуды белгілеу – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау;
- еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу – өндірістікжарақаттармен кәсіптік ауруларкезіндекәсіптік еңбекке қабілеттілігіненайырылудәрежесінайқындау.
Аталған функциялардан басқа, МӘС келесі маңызды рөлдерді орындайды:
- құқық белгілеуші рөлі – МӘС сараптамалық қорытындысы мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, арнаулы әлеуметтік қызметтер және басқа да қолдау шараларын ұсыну үшін ресми негіз болып табылады;
- кепілдік рөлі – азаматтардың әлеуметтік қорғауға, тең мүмкіндіктерге және денсаулық жағдайы бойынша кемсітпеуге конституциялық құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- әлеуметтік-интеграциялық рөлі – АОЖБ әзірлеу және орындалуын бақылау арқылы мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге, білім беру ортасына және еңбек нарығына қосуға ықпал етеді;
- сараптамалық-талдамалық рөлі – мемлекет әлеуметтік саясатты жоспарлау және қолдау бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдаланатын мүгедектік туралы статистикалық деректерді қалыптастырады;
- үйлестіруші рөлі – оңалту іс-шараларын іске асыру кезінде медициналық ұйымдардың, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- оңалтуға бағытталған рөлі – мүгедектікті анықтауға ғана емес, сонымен қатар дене функцияларын барынша қалпына келтіруге және мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Осылайша, Қазақстан Республикасындағы МӘС мүгедектікті белгілеу құралы ғана емес, сонымен қатар көрсетілетін көмектің атаулылығын, негізділігі мен кешенділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады.