Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің жұмысы туралы

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің жұмысы туралы

2026 жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік ұйымдарға қатысты халықтың мобильділігі төмен топтары үшін объектілердің қолжетімділігін, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету тұрғысынан 18 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша орындау мерзімі белгіленген 10 нұсқама берілді. Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу фактілері үшін, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапасыз ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 83 және 84-баптарына сәйкес жалпы сомасы 1 686,7 мың теңгеге әкімшілік істер қозғалды.