
Ағымдағы жылдың басынан бастап Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бұрын берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бұзушылықтарды жою мақсатында Департамент берген нұсқамалардың орындалу барысы туралы 6 сұрау жіберілді. Бұдан басқа, объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы мәселелері бойынша жоспардан тыс 2 тексеру жүргізілді.
Бақылау субъектілеріне қатысты талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы қайталама нұсқама берілді.
Нұсқамалардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмыс тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асырылады және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да мобильділігі төмен топтары үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.