Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан «жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі комиссияның отырысы

Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан «жалған ардагерлерді» анықтау жөніндегі комиссияның отырысы

2026 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ және Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қатысуымен жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Ұрыс қимылдарының ардагері мәртебесін заңсыз алуды анықтауға байланысты өзекті мәселелер қаралды. Құжаттарды тексеру және азаматтардың ұрыс қимылдарына қатысуын растау процесінде туындайтын проблемалық аспектілер талқыланды. Комиссия жұмысының нәтижелері талданып, одан әрі жұмыс жоспарлары белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия жұмысты оңтайландыруға және елеулі проблемаларды шешуге бағытталған нақты шешімдер қабылдады. Комиссияның жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жалғастырылатын болады.