
2025 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасында жекелеген нозологиялық нысандар бойынша сырттай проактивті форматта «Мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және (немесе) қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекше тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылуда.
Аталған жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері келіп түскен құжаттарды қарауды және 1 (бір) жұмыс күніне дейінгі мерзімде сараптамалық қорытынды шығаруды көздейтін бірлескен бұйрық әзірлеп, қабылдады.
Ерекше механизм бойынша құжаттарды қарау мынадай нозологиялық нысандар бойынша жүзеге асырылады: туа біткен және жүре пайда болған қайтымсыз анатомиялық ақаулар, Даун синдромы (ауруы), балалардағы мукополисахаридоз.
Пилоттық жобаны іске асыру мүгедектікті белгілеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар үшін қызметтің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ағымдағы жылдың 1 және 2 тоқсанына медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің ерекше тетігі бойынша Департаментпен облыстың медициналық ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.