
Қостанай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне зейнетақы және әлеуметтік сипаттағы түрлі мәселелер бойынша азаматтар жүгінеді. Осыған байланысты жиі қойылатын сұрақтар мен жағдайларға жауаптарды атап өткім келеді.
Осылайша, мүгедектігі бар азаматтар зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі – МӘЖ) алынатын мөлшерін жоғалтып алудан қорқып, жасына қарай зейнетке шығудан қорқады.
Түсіндіреміз. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 177-бабы 8-тармағына сәйкес, егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
Бұдан шығатыны, жасына байланысты зейнетақыға ауысқан кезде өтініш берушіге жасы бойынша МӘЖ мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемін алу құқығына кепілдік беріледі. Сонымен қатар, еңбек өтілі, табысы жоғары болған жағдайда зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын МӘЖ мөлшерінен асып кетуі мүмкін.
Сондай-ақ, жасына байланысты зейнетақыдан басқа өтініш берушіге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалады. Оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген еңбек өтілі;
- БЖЗҚ деректері бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 206-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ 2026 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде зейнетақыға көшу кезінде жасына байланысты зейнетақыдан басқа, алынатын МӘЖ-ден кем емес мөлшерде базалық зейнетақы да төленетін болады, бұл алынатын сомаларға қосымша қолдау болып табылады.