
2026 жылғы 21 қаңтарда «Жастар сарайы» ғимаратында Қостанай облысы прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы органдар «Заң және тәртіп» идеологиясы шеңберінде ұйымдастырылған мүгедектігі бар адамдар үшін «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акция өткізді. Акцияның негізгі мақсаты мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және еңбек интеграциясына жәрдемдесу, оқыту және құқықтық қорғау болды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысты.
Қостанай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті акцияға белсенді қатысып, қатысушыларға әлеуметтік қолдау, жәрдемақылар мен зейнетақылар тағайындау, сондай-ақ мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсініктемелер берді. Департамент басшысы А.Е. Мекебаева азаматтарға мемлекеттік қолдау шаралары және әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру тетіктері бойынша кеңес берді.
Акцияға 200-ден астам мүгедектігі бар адам қатысты.