Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай проактивті жүргізу туралы

Медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай проактивті жүргізу туралы

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қостанай облысында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматын енгізу жобасы басталды.

4 жыл ішінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай проактивті форматы өзінің тиімділігін, ең алдымен, көрсетілетін қызметті алушылар үшін, әсіресе облыс орталығынан шалғай өңірлерде тұратындар үшін ыңғайлылығын көрсетті.

Егер 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдардың 25,4%-ы сырттай проактивті куәландырылса, 2025 жылы мүгедектігі бар адамдардың 51%-дан астамы сырттай проактивті форматта мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызметті алды.

Сырттай проактивті куәландыру мынадай нозологиялар бойынша жүргізіледі: онкологиялық аурулар, барлық локализациялардың туберкулезі, туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар, психикалық аурулар, балалардағы бірінші типті қант диабеті, балалардағы мукополисахаридоз, сондай-ақ ағзаларды трансплантациялаудан кейінгі жағдайлар.