
Мәселен, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардың, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жәрдемақының және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жәрдемақының мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап КД мөлшерінің ұлғаюына байланысты ұлғайтылды.
Жалпы аурудан мүгедектіктің 1 тобына жәрдемақы мөлшері - 111 873 теңгені құрады, 2 топ-89 498 тенге., 3 топ-61 022 тенге .
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы мөлшері бір асырауындағы адамға 46 783 теңгені, 2 асырауындағыларға – 86 447 теңге, 3 асырауындағыларға – 114 415 тенге, 4 асырауындағыларға- 132 213 тенге, 5 асырауындағыларға- 139 841 тенге, 6 және одан да көп асырауындағыларға- 152 553 тенге. Әр жетім балаларға-78 311 теңгені құрады.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және 1-топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері 81 871 теңгені құрады.
2025жылыоблысбойыншамүгедектікжәнеасыраушысынан айырылу жәнекүтім бойынша 31млрд. теңгеденастамсомағажәрдемақытөленді.
АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды:
- баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы. Осылайша, бірінші, екінші, үшінші баланың тууына берілетін жәрдемақы мөлшері 164 350 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан да көп балаға - 272 475 теңгені (63 АЕК) құрады.
- жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,
-төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға, оның ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды аяқтағанға дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін)оқитын балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы.
Мәселен, 2026 жылы 4 баласы бар көп балалы отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 69330 теңгені (16,03АЕК), 5 баласы бар отбасылар үшін –86673 теңгені (20,04АЕК), 6 баласы бар отбасылар үшін – 104017 теңгені (24,05АЕК) құрайды. Әрбалаға орта есеппен 4АЕК (17300теңге).
2025 жылы көп балалы отбасыларға 7,2млрд. теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді.
«Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 32 002 теңгені (7,4 АЕК), «Күміс алқа» - 27 680 теңгені (6,4 АЕК) құрады. 2025 жылы 1,9 млрд. теңгеден астам төленді.