2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерді арттыру туралы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерді арттыру туралы

2025жылы286млрд. 841млн. теңгесомасыназейнетақыменжәрдемақытөленді,оныңішіндезейнетақытөлемдеріне–241млрд. 502млн. теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10% - ға өсті.

Жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғарытабыс, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 55АЕК(236875теңге) құрады.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Кодекстің 205-бабына сәйкес күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне (бұдан әрі-КД) пайыздық қатынаста белгіленеді.

Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не ол болмаған кезде зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтыла отырып, КД шамасының 70 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген КД шамасының 118 пайызынан аспайтын мөлшерде болуы керек. Ең жоғары базалық зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 34 жыл немесе одан көп немесе (60 005 теңге) азаматтар алады.