
Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз етуге арналған, оларға Өнім берушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру арқылы ақпараттық платформаны білдіреді.
Мүгедектігі бар адам, Өнім беруші және Уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимыл Портал арқылы жасалатын Шартпен реттеледі.
Міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету және жосықсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында Қостанай облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығы – бұдан әрі Қағидалар).
Өнім берушілер Порталда орналастырылған ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығы – бұдан әрі Сыныптаушы) бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қолданыстағы Қағидаларда, Сыныптауышта, Шартта көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қосымша шарттар белгілеуге жол берілмейді.
Бұл нормалар жарнаманың кез-келген түрін орналастыруға, акциялар өткізуге, сондай-ақ кепілдендірілген көмек алуға байланысты қосымша тауарлар, қызметтер немесе ақшалай сыйақылар ұсынуға тыйым салады. Алушының жалғыз қаржылық міндеттемесі таңдалған тауардың немесе қызметтің құны заңнамада белгіленген кепілдендірілген сомадан асып кеткен жағдайда ғана алынатын төлем болуы мүмкін.
Өнім берушілер тарапынан қосымша шарттар, қызметтер белгілеу, регламентті бұзу фактілері, немесе алаяқтық схемалардың белгілері анықталған жағдайда мүгедектігі бар адамдар осы бұзушылықтар туралы уәкілетті органдарға хабарлауы тиіс.
Ақпаратты уақтылы ұсыну Портал тізілімінен жосықсыз Өнім берушілерді шығару туралы мәселені қарау үшін негіз болып табылады.
Порталдың жұмысына қатысты мәселелер бойынша консультациялық қолдау алу үшін 1414 бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығына, сондай-ақ 87142-502983 нөмірі бойынша Департаментке хабарласуға болады.