Қоғамдық бірлестіктермен кездесу

Қоғамдық бірлестіктермен кездесу

2025 жылғы 3 қазанда Департамент басшысының м.а. А.Қ. Душанова мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен және мүгедек адамдардың жеке көмекшілерімен кездесті. Кездесуге Қостанай облысы прокуратурасының аға прокуроры                 Л.Г. Мурзабекова, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А. Е. Мекебаева, Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы М. О. Сәрсенова, Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. Т. Тоқмағанбет қатысты.

Іс-шара мемлекеттік билік органдары мен азаматтар арасындағы ашық диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қолдау шаралары, олардың құқықтарын қорғау және осы саладағы қолданыстағы заңнаманы іске асыру туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

 Кездесу барысында әлеуметтік қызмет көрсету,жұмысқа орналасу, инфрақұрылымнысандарының қолжетімділігі және оңалту көмегіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын жеке өзі қойып, тиісті ведомстволардың өкілдерінен түсініктеме алалды.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстармен қажетті шаралар талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жалғастыру, осындай кездесулерді тұрақты өткізу және мүгедек адамдардың өтініштеріне жедел ден қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.