Қостанай облысындағы мүгедектік жағдайы және медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

Қостанай облысындағы мүгедектік жағдайы және медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

2025 жылғы 11 тамызда Департамент басшысы Шыңғысбек Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Марина Оңгарбаевна Сарсенова Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Ғизатқызы Мұсағазинаның төрағалығымен «Қостанай облысы бойынша мүгедектіктің жай-күйі және медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері туралы» жұмыс кеңесіне қатысты. Кеңеске сондай-ақ «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысы  Даулетбай Керимбаевич Жолдасов, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы Гульнар Таубаевна Абенова, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Жанна Амангельдиновна Козыбаева, облыстың медициналық ұйымдарының басшылары мен ДКК төрағалары қатысты.

Кеңес барысында баяндамалар тыңдалды және медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері, медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолданғаны үшін облыстың медициналық ұйымдары үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу талқыланды, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен шаралар айқындалды.

Сондай-ақ, кеңестің қатысушыларына қолданыстағы заңнама шеңберінде қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.