«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

2025 жылдың 13 мамырында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г. Абдулданова «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Еңбекшіқазақ ауданы бөлімшесінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Іс-шара барысында аудан халықы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлермен жан-жақты жауап берілді.