29.10.2015 жылғы №375-IV Қазақстан Республикасының Кәссіпкерлік Кодексінің 144-2 бабының 4 тармағы, 20.04.2023 жылғы №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабының негізінде Департамент Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар бойынша бірдей мәлеметтердің "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйемен сәйкес келуіне профилактикалық бақылау мен қадағалауы жүргізуге құқылы.
Бұл тексерулер "Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлеуметтік төлемдердің уақытылы және дұрыс тағайындалуы, Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және аударуы бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына" сәйкес жүргізілді.
Профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындысымен Кәсіпкерлік Кодексінің 152-1 бабының 3 тармағына сәйкес ұйғарым енгізілді. Ұйғарымның орындалуы бойынша Департментке 1 ай көлемі ішінде тексерілген субъект жазбаша түрде мәлімет ұсынуға міндетті.