«Бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақы», «Наградталған анаға берілетін жәрдемақы» «Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы» тақырыптарында техникалық сабақ өткізілді

«Бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақы»,  «Наградталған анаға берілетін жәрдемақы»  «Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы» тақырыптарында техникалық сабақ өткізілді

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис (жалпы 23 қызметкер) қызметкерлерінің қатысуымен «Бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақы»,  «Наградталған анаға берілетін жәрдемақы» «Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы» тақырыптарында техникалық сабақ өтті.

Техникалық сабақ барысында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Э. Наурызбаева бала тууына және күтіміне берілетін жәрдемақы,  наградталған анаға берілетін жәрдемақы және наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығы бойынша заңнама бойынша түсіндірме жүргізді.   

Сонымен қатар, №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова  жәрдемақылар тағайындайтын кезінде туындайтын мәселелер туралы түсініктеме берді және Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жағдай туғызатын мән-жайларды болдырмау қажет екені ескертілді.