Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесі

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесі

2023 жылдың 24 мамырдағы Алматы облысы әкімінің орынбасары Р.Исатаевтың төралығымен мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық үйлестіру кеңесі өтті. Кеңес барысында кедергісіз ортаны құру мәселелері туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ж. Нарматов баяндама жасады.
Облыстық үйлестіру кеңесіне Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Белсенді ұзақ өмір орталығының психологы, «АкваМед+» оңалту-санаторий директоры, «Rakhym» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, қор басқармасының төрайымы, Денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы тағыда басқа мемлекеттік мекемелері және Мемлекеттік емес ұйымдары, қоғамдық қоры қатысуымен өтті.