Алматы облысында Талғар қаласында "Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "КММ жанынан"Аяла" балаларды оңалту орталығы ашылды

Алматы облысында Талғар қаласында "Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "КММ жанынан"Аяла" балаларды оңалту орталығы ашылды

         Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Алматы облысының әкімі М.Е.Сұлтанғазиев Талғар "Аяла" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан ашылған оңалту орталығының ашылуына қатысты.

        Алматы облысы құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша "Azia RC" ЖШС салған 3 қабатты құрылыстың жалпы ауданы 1063,04 ш. м. құрайды.

       Қазіргі уақытта кәсіптік әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін 18 жастан асқан мүгедектегі бар адамдарға арналған оңалту бөлімшесі Қонаев қаласында орналасқан "Шарапат" орталығында ғана бар.

     "Өзгеріс жолы: барлығына лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша "Аманат" партиясының Жол картасының 50-тармағына сәйкес"жыл сайын кемінде 1 оңалту орталығын құру көзделген.

    Осы мақсатта аталған ғимарат балаларға арналған оңалту орталығы ретінде ашылып, қызмет көрсетуде.

    Бұл мекеменің бірегейлігі-мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалардың оңалту және қоғамға бейімделу үшін барлық жағдайлар жасалған. 40 балаға арналған орталық ресейлік өндірістің заманауи оңалту жабдықтары (жүру иммитаторы, мотомед, вертикализаторлар және т.б.) 16 302,0 мың теңгеге сатып алынып, онымен мамандандырылған (сенсорлық бөлме, Монтессори бөлмесі, тұз шахтасы)  кабинеттері жабдықталған және арнайы профильді мамандары іріктелініп қабылданды.

    Бұл бөлімшеде мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруі үшін жағдай жасауға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені көрсетілетін болады.

    Орталықтың ашылуына Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ж.Нарматов, Талғар ауданының әкімі, Алматы облысы бойынша жұмыспен қамту  үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері және облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.