Қарасай ауданының еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Қарасай ауданының еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр Қарасай аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының еңбек ұжымымен халықты әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі аясында зейнетақылар мен жәрдемақылар бойынша енгізілген өзгерістер мен арттырулар, балалы отбасыларды қолдау шаралары түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстарының соңында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға маман тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.