«Қолжетімді орта» — жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қолжетімді орындар туралы

«Қолжетімді орта» — жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін қолжетімді орындар туралы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының   Әлеуметтік  кодексімен реттеледі. Заң көлемінде мемлекеттік саясаттың мақсаты ретінде осы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау басты міндет болып белгіленді. Сондай-ақ, заңмен елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы құқықтық базасының негізі қаланған.

Қазіргі таңда «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) өңірлер тұрғысында Нысандардың қолжетімділігі картасы іске қосылып, онда облыс бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімделуі туралы мәліметтер қамтылған. Көрсетілген нысандар қолжетімділіктің 3 санатына бөлінген. Олар қолжетімді, ішінара қолжетімді, қолжетімді емес.

 «inva.gov.kz» картасының деректеріне сәйкес, Алматы облысында 1 496 нысан белгіленген. Оның ішінде 1 220 нысан «қолжетімді»282 нысан «ішінара қолжетімді», ал 2 нысан «қолжетімсіз» деп көрсетілген.

Қолжетімді нысандардың ішінде 1 225 нысан тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, 1 223 нысан кресло-арбамен қозғалатын адамдарға, 1 241 нысан есту қабілеті бұзылған адамдарға және 1 223 нысан көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімді.

Ішінара қолжетімді нысандардың ішінде 268 нысан тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға, 272 нысан кресло-арбамен қозғалатын адамдарға, 259 нысан есту қабілеті бұзылған адамдарға және 270 нысан көру қабілеті бұзылған адамдарға қатысты.

Сонымен қатар, 2 нысан есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімсіз болып табылады. Қалған санаттар бойынша қолжетімсіз нысандар көрсетілмеген.

Осылайша, «inva.gov.kz» картасы өңірдегі қолжетімді нысандардың жалпы санын ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның мүмкіндігі шектеулі адамдардың әртүрлі санаттарының қажеттіліктеріне қаншалықты бейімделгенін көруге мүмкіндік береді.