Қарасай ауданында мемлекеттік бақылау нәтижесінде қолжетімділік талаптарының бұзылғаны анықталды

Қарасай ауданында мемлекеттік бақылау нәтижесінде қолжетімділік талаптарының бұзылғаны анықталды

2026 жылғы 4–6 және 11–13 тамыз аралығында Алматы облысының Қарасай ауданында мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау барысында Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы, Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарасай ауданының №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Қаскелең мәдениет колледжі, «Нұржардем» медициналық колледжі және Мәдениет үйі сияқты әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі тексерілді.

Бақылау барысында объектілердің кіреберіс топтарының қолжетімділігіне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған автотұрақ орындарының болуына, тактильді бағыттаушылар мен Брайль қарпімен орындалған ақпараттық тақтайшалардың орнатылуына, сондай-ақ санитариялық тораптардың қолжетімділігі мен тиісті жабдықталуына ерекше назар аударылды.

Профилактикалық бақылау нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында объектілердің жауапты тұлғаларына тиісті нұсқамалар беріліп, оларды белгіленген мерзімде жою жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Бақылау іс-шаралары мүмкіндігі шектеулі адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыруға және халықты әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.