Зейнетақы төлемдері неге байланысты?

Зейнетақы төлемдері неге байланысты?

Жасына байланысты зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдерінің жиынтығы;

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру үш деңгейден тұрады (ынтымақтық, базалық және жинақтаушы қорнынан зейнетақы).

Ынтымақтық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне негізделеді – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі. Жарамдылық үшін қажетті ең төменгі еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты  ай. Ынтымақтық зейнетақының мөлшеріеңбек өтіліне және ең қолайлы кезеңдегі  орташа айлық табысқа байланысты. Зейнетақы жарналары төленген, 36 айдағы ең жоғары табыс 55 АЕК -216 260 теңгеден аспайды

Базалық зейнетақы төлемі – 1998 жылдың 1 қаңтарына  дейінгі ынтымақтық зейнетақыны тағайындау үшін қабылданған еңбек өтілі және 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі. Базалық зейнетақы төлеменің ең төменгі мөлшері ( зейнетақы жүйесіндегі 10 жыл немесе одан аз еңбек өтілі) 35 596 теңгені құрайды (2026 жылғы жағдай бойынша). Ең жоғары мөлшері ( зейнетақы жүйесіндегі 34 жыл және одан да көп еңбек өтілі)  ең төменгі күн көріс дейгейінің 100%-ын құрайды – 60 005 теңге (2026 жылғы жағдай бойынша).

Жинақтаушы зейнетақы -  Бірыңғай жинақтаушы қорында (БЖЗҚ) жинақталған қаражаттан алынатын зейнетақы. Мөлшері жинақталған сомаға және оны төлеу ережесіне байланысты.